• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында екі құс фабрикасына баға келісімін жасады деген күдік ауып отыр

Павлодар облысында екі құс фабрикасына баға келісімін жасады деген күдік ауып отыр

Бұл бәсекелістікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзу белгілері бойынша тексеріс. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап бүгінге дейін аталмыш өндіріс ошақтары өнімдеріне баға белгілеу бойынша әрекеттері бақыланады.

- Қарашаның 15-і біз тексеріс жөнінде ресми бұйрық шығардық. Осы жылдың наурыз айында оларға бағаны жоғарылату белгілері байқалатыны жөнінде хабарландыру жіберген болатынбыз. Кейін олар бізге жауап беріп өнімдерінің бағасын минималды түсірген. Бірақ, уақыт өткен соң сараптама нәтижесі бағаның көтеріле бастағанын көрсетті. Осы ретте, біз олардың әрекеттерінде С-1 санатындағы жұмыртқаларға бағаларды белгілеу кезінде бәсекелестікке қарсы келісілген іс-қимыл белгілерін анықтадық, - дейді ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Бейбіт Молдабеков.

Құс фабрикалары бағаның көтерілуін жем мен жанармайдың қымбаттауымен байланыстырып отыр. Монополияға қарсы департаментте тергеу нәтижесі бойынша өндірушілер тарапынан бұзушылық анықталса, тиісті шара қолданылады, ал егер күдік расталмаса, тауардың не себепті қымбаттағанын түсіндіреміз дейді.

 

Авторы: Аида Адрахова.