• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында емханаларға ерікті түрде тіркелу басталады

Павлодар облысында емханаларға ерікті түрде тіркелу басталады

Емханаға тіркелуді egov және www.fms.kz арқылы жүзеге асыруға болады, немесе әр емдеу мекемесінің ақпараттық қызмет көрсету бөліміне жүгіну қажет. Бастысы, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы шарт. Бұл ретте, кез келген емдеу мекемесін таңдай аласыз, алайда ақ халаттылар тұрғылықты мекен-жайға жақын емхананы таңдаған абзал дейді.

 

- Тіркелгеннен кейін қызмет алушылар бұрынғы емханаларына барады. Тек бірінші таңтардан бастап таңдаған мекемелеріне баруға құқылы,-дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» ҚАҚ-ның Павлодар облысы бойынша филиалы директорының м.а. Алмагүл Ахметжанова.

 

- 5-емханадағы кезек масқара. Дәрігер қаралымына түсе алмайсың. Сондықтан бұл емхана жұмысын мақтай алмаймын,-дейді қала тұрғыны.

 

-1 емханаға тіркелгенмін. Ем алу жағынан айтар сын жоқ, бірақ кезектер тым үлкен,-деді өзге павлодарлық.

 

Адамдар емхананы көбіне тұрғылықты мекенжайдың ауысуынан немесе қызмет көрсету сапасына көңілдің толмауынан ауыстырып жатады. Ал емдеу мекемелеріне ерікті түрде тіркелу акциясы қырқүйектің 15-нен басталып, қарашаға дейін жалғасады.