Павлодар облысында енді балық аулауға рұқсат
Себебі бұрынғы тұрақты мерзімі ондаған жылдар бойы ауыспаған. Оны өзгертуге климаттық жағдайлар мен судың тасу уақытының жылжуы, температура тәртібі себеп болды. Сол себепті сәуірдің 15-нен мамырдың 30-на дейін балық аулауға тыйым салынды. Дегенмен де соның өзі браконьерлерді тоқтатпады.
- Уылдырық шашу кезінде 33 заң бұзушылық анықталып, 327 келі балық тәркіленді. 6 қайық, 2 моторлы қайық әрқайсының ұзындығы 100 метрден болатын 45 тор 700 мың теңге айыппұл салынды, - деді балық шаруашылығының Зайсан-Ертіс облысаралық бассейн инспекциясының бас маманы Василий Павлов.
Заңсыз балық аулау бойынша 16 деректің материалы сотқа жіберілсе, заңсыз балық сатқаны үшін алты материал толтырылған.Жауапты мекеме өкілдерінің айтуынша, тек капрон тормен аулауға болады. Оның өзін арнайы рұқсат болса. Ал полимидті яғни қармақ жібі торына тыйым тыйым салынады. Аулауға рұқсат етілгеннің өзінде адам басына бес келіден артық болмайды. Кері жағдайда айыппұл салынады.

