Павлодар облысында эпиджағдай тұрақты

Өткен тәулікте барлығы 65 адамнан коронавирус анықталған. Павлодар облысы қазіргі таңда қайтадан сары аймақта. Оның алдындағы екі күнде КВИ жұқтырғандар саны жүзден асып кеткен болатын. Санитарлық дәрігерлердің айтуынша аймағымыздағы жағдай тұрақты.

 

- Қаңтар айында тест алынған тұлғалар саны артты. Қаңтардың 4-нен 10-ына дейінгі аралықтағы өсім 5,8 пайыз. Бұл уақытта 549 коронавирус жұқтыру жағдайы тіркелген, - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Замзагүл Дощанова.

 

Айта кету керек желтоқсанның 28-нен қаңтардың 3-не дейінгі аралықта 7 адам қатерлі індеттен көз жұмған. Сонымен бірге коронавирусқа қарсы екпе алуға дайындық жүргізілуде. Ол наурыз-сәуір айларында салынбақ. Әзірге ресейлік препарат сынақтан өткізілуде. Бірінші кезекте тәуекел тобындағы адамдар егіледі. Барлығы ерікті түрде.