Павлодар облысында гепатиттің А түрі тіркелді

 

 

Жергілікті мамандар дерттің белең алу себептері мен одан қалай сақтануға болатынын irbistv.kz тілшісіне айтып өтті.

 

2023 жылы Павлодар облысында гепатит тіркелмеген. Биыл жыл басынан 3 бала індетке шалдығыпты. Статистика бойынша бүлдіршіндер ауруды лас қолдардан жұқтырады екен. Гепатитке тән белгі сарыауру. Оған дейін ЖРВИ мен улану белгілерімен шатастырып алулары мүмкін.

 

- Сәуірде соңғы жағдай тіркелді. 1 жасқа дейінгі бала анасынан жұқтарған. Елдегі барлық өңірде гепатиттің А түрі жаппай анықталып жатыр,-деді Павлодар облысы балалар ауруханасы инфекциялық стационар директоры орынбасарының м.а.

Әсел Байғанова.

 

Сарыауру ауыр асқынуға әкелуі мүмкін. Алдын алу жолдары күрделі емес, тек тамақтанар алдында қолыңызды, жемістеріңізді, жусаңыз болғаны және қайнаған су ішіңіз. Қорғанудың тағы бір әдісі – вакцинация. Екпе балаларға 2,5 жаста салынады. Бұл инфекция қаупін азайтады, дейді дәрігерлер.

 

Фото: Freepik.com