• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында игерілмеген қаражаттың басым бөлігі құрылыс саласында

Павлодар облысында игерілмеген қаражаттың басым бөлігі құрылыс саласында

Игерілмей қалған 870 млн теңгенің 612 млн-ы құрылыс, 219-ы денсаулық сақтау басқармасына тиесілі. Басты себептер жұмыс кестесінен қалу және медициналық құрылғылар бойынша сараптамалық қорытындының жоқтығы дейді әкімдіктегілер.

 

-Жасыратыны жоқ, біз сіздермен әр түрлі комиссияларда бұл мәселені талқыладық. Бір мердігер көптеген тендерлерді жеңіп алып, үлгермей жатады. Бұл бәрін уақытында тапсыра алмайтындығына әкеледі. Оған мысал Баянауылдағы Көлсай. Бізде 4 ұзақ құрылыс нысаны бар,-деп айтты Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук.

 

Тағы бір себеп жобалық сметалық құжаттамада болған. Конкурсты жеңіп алған мердігерлер құжаттарды түзетуге жіберіп жатады. Сол себепті белгіленген мерзімде қаражатты игере алмағандықтан, бюджетке қайтаруға тура келеді.