Павлодар облысында күз қатқақтармен басталады
Қуантарлығы әзірге тек түнгі уақытта ғана. Дегенмен де күзде ыстық та суық та болмайды. Жаздың соңғы айы павлодарлықтар үшін жайлы. Кыркүйектің ауа райы жайлы «Қазгидромет» болжамдарымен бөлісті деп хабарлайды irbistv.kz
Павлодарлықтардың айтуынша жаз айтарлықтай ыстық болмаған. Алайда тым салқын болды деп айтуға да келмейді дейді. Синоптиктердің болжамы бойынша күз айтарлықтай суық болмайды. Десе де түнгі уақытта қатқақ күтілуде. Бірінші онкүндікте +2 +7, ал күндізгі уақытта +12 +17 болмақ.
- Қыркүйектің үшінші он күндігінде түнде ауа температурасы -1 -6 дейін суытады. Ал айдың соңында 30-ына қарай түнде +05 +10 градусқа дейін жылынады. Негізі биылғы күз өткен жылмен салыстырғанда салқын болады,-деді «Қазгидромет» РМК павлодарлық филиалының инженер-синоптигі Мухамет Бақтыбай.
Ал қазан айында ауа температурасы +4 +5, қарашада -5 -7 болады деп күтілуде. Жауын-шашын қалыпты болады. Ал алғашқы қар тек қараша айында түседі. Алайда бұл тек болжам ғана. Табиғаттың өз тосын сыйы бар.
Фото: Freepik.com
