Павлодар облысында карантин талаптары жеңілдетілді
Дәмханалар мен мейрамханалар түнгі 02.00-ге дейін жұмыс істейді. Алдында қоғамдық тамақтану орындары сағат 00:00 жабылуы тиіс болатын. Банкет залдарында елу адамнан аспайтын болса, еске алу кештерін өткізуге рұқсат. Театр мен кинотеатрларға, концерттерге көп адам бара алады. Сонымен қатар брифингіде елордада анықталған үнді штаммы туралы да айтылды.
- Үнді штамы бізде әзірге тіркелген жоқ. Дегенмен де Нұр-Сұлтан қаласында анықталып отыр. Бұл штамм өкінішке орай бірнеше есе күшті, әрі жұқпалы. Жұққан соң өршу кезеңі бір аптаға дейін. Мұны жұқтырған адам ауруханадан бірақ шығуы ықтимал, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Бас санитарлық дәрігер карантин талаптары жеңілдетілгеніне қарамастан сақтық шаралары қатаң сақталуы тиіс деді. Айта кетсек, боулинг, бильярд залдары ашылады. Жабық балалар аттракциондарында да ойнауға рұқсат. Ондағы келушілердің жалпы саны 30%-тен аспауы тиіс. Ал балабақшалардағы кезекші топтарды алып тастайды. Яғни бала санына шектеу жоқ. Қаулы маусымның 22-нен күшіне енеді.
