Павлодар облысында карантиндік шаралар жеңілдетілді

Ақпанның 15-нен бастап  қоғамдық тамақтану орындары сенбі, жексенбі сағат 20.00-ге дейін жұмыс істейді. Жеткізу 22.00-ге дейін. ХҚКО келсек ол сенбі күні 14.00-ге дейін істейді. Ал жай күндері сағат 17.00-ге дейін, жексенбі және мереке күндері жабық болады. Бас санитарлық дәрігердің айтуынша аймағымыз сары аймаққа кірген жағдайда да карантиндік шаралар атарлықтай жеңілдетілмейді. Барлығы эпиджағдайға байланысты.

 

- Павлодар облысы еліміз бойынша жалғыз өзі қызыл аймақта. Ал өңір бойынша Тереңкөл және Май аудандары сарыда. Қалған аудандар қызыл аймақта, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Дерттің тәуліктік өсуі 0,6 % құрайды. Егер соңғы үш аптаны алатын болсақ өсім 12,4%, 11,7%, 7,4% құрады. Күн сайын індет жұқтырғандар саны азайып жатқаны байқалады. Соңғы тәулікте аймағымызда коронавирус расталған 101 адам тіркелген.