Павлодар облысында карантиндік шаралар жеңілдетілмек
Өңіріміздегі эпидемиологиялық жағдай айтарлықтай жақсарған. Тәуліктік өсім 0,6% құрайды. Апталық өсімді салыстыратын болсақ, соңғы үш аптада індет тұрақты түрде азайып келеді. Өткен тәулікте коронавирустың 96 жағдайы тіркелді. Негізгі үлес Павлодар облысына тиесілі.
- Павлодар облысы сары аймақта болғандықтан қаулы қайта қаралады. Жұмыс істеу уақыты, мерзімі мен демалыс күндері кейбір нысандардың жұмыс істеуіне байланысты карантиндік шектеулер жеңілдетілуі мүмкін. Апта соңында бұл туралы белгілі болады, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Сондай-ақ Павлодар облысына COVID-19 індетіне қарсы «Спутник V” препаратының тағы 1200 дозасы жеткізілді. Алғашқы вакцинаны салдырғандар оның екінші кезеңін алуды бастап кетті.

