• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында коронавирус жұқтырған сәби жансақтау бөліміне түсті

Павлодар облысында коронавирус жұқтырған сәби жансақтау бөліміне түсті

Ковид жұқтырғандардың саны соңғы күндері азаюда. Бүгін статистика 116 пациентпен толықты. Басым бөлігі белгілермен. Денсаулық сақтау басқармасында бақылауда 90 бала, оның 28-і стационарда, біреуі тіпті бір жасқа да келмегенін айтты. Ол жансақтау бөлімінде.  

 

- Анасынан жұқтырған, екінші күн жатыр, оң өзгеріс бар. Қосымша патологиялар жоқ. Баланың тыныс алуында қиындықтар бар, сондықтан реанимацияда жатыр. Бәрі жақсы болады деген сенімдемін, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

 

Денсаулық сақтау басқармасында қайтыс болғандардың статистикасын да мәлімдеді. 2021 жылдың 4 айында Павлодар облысында 72 өлім тіркелген. Қазіргі таңда 33 адам жансақтау бөлімінде, оның 12-і ауыр жағдайда. Олар жасанды желдету аппаратына қосылды.