• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында коронавирусқа қарсы екпенің кезекті партиясы жеткізілді

Павлодар облысында коронавирусқа қарсы екпенің кезекті партиясы жеткізілді

Павлодар облысы қазір сары аймақта. Эпиджағдай тұрақты емес деді бас санитарлық дәрігер. Бүгінде бір қаладағы 16-шы мектептің жұмысы тоқтатылған. Аймақ бойынша 14 сынып карантинде отыр. Бұл ретте жаңа қаулының да ауылы алыс емес болуы әбден мүмкін.

 

- Сары аймақта бес күн бойғы эпиджағдайды қарап көреміз. Егер індет жұқтырғандар саны артатын болса шектеулер қатаңдатылуы мүмкін. Сәйкесінше жаңа қаулы шығады, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.

 

Бұл ретте тағы да балаларға арналған ойын орталықтары қайта жабылуы, сонымен қатар 6,7,8 және 10-сыныптар қайта қашықтықтан оқуға көшуі мүмкін, ал балабақшаларда енді кезекші топтар болмайды. Яғни бала саны қысқармайды. Ал жаппай вакцинациялау жұмысы жалғасуда. Бүгін облысымызға тағы вакцинаның 11 мың дозасы келіп түскен. Жоспарда егу кабинеттерін ұлғайту бар деді денсаулық басқармасында.

 

- Жансақтау бөлімінде 25 адам адам жатыр. Алтауының  жағдайы ауыр. Олар өкпені жасанды желдету құрылғысына қосылған. Сонымен қатар балаларға келсек 17 бала емделуде. Олардың жағдайлары жеңіл. Инфекциялық ауруханалардағы бос емес кереует саны 30 процент, ал жан сақтау бөлімінде20 процентті құрайды, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов. 

 

Бүгін өңірімізде COVID-19 жұқтырған 38 адам тіркелген. Жалпы облыс бойынша сәуір-мамыр айларында вакцинаның 92 950 дозасын салып аяқтау жоспарлануда.