Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысында КВИ-ға қарсы екпе жеткілікті

Қоғам

48
Павлодар облысында бүгін COVID-19 жұқтырған 54 адам тіркелді. Бұған дейін көрсеткіш төмен болып келген еді. Сонымен қатар өңірімізге індетке қарсы екпенің кезекті дозасы жеткізілді.

Галина Федоровна 67 жаста. Айтуынша жыл сайын тұмаудан екпе алады. Енді осы жолы да коронавирустан вакцина салдыртуды шешкен. Алайда кедергілерге тап болды. Зейнеткер емханаға келген адам бірден еш кедергісіз екпе алуға құқылы дейді.  Ал іс жүзінде сандалтып қояды екен.

 

- Біз көршім екеуіміз емханаға келгенде бізде вакцина жоқ деп айтты. Одан кейін ол бар екені анықталды. Алайда қан тапсырмасаңдар сала алмаймын деді. Әйтеуір вакцина алу мүмкін болмады. Сосын барлығымыздың нөмірімізді жинап алып хабарласамыз деді. Қаншама уақыт тосып, текке отырып қайттық, - деді зейнеткер Галина Брацунова.

 

 

Зейнеткер жұмадан бері салдырта алмаған екпенің бірінші кезеңін бүгін таңертең алыпты. Ал денсаулық сақтау басқармасында жаппай вакцинациялау жарияланғаны рас. Алайда кедергілер жоқ емес. Мәселен кейбір созылмалы сырқаттары бар адамдарға бірден екпе сала алмайды. Оларға бірқатар анализ тапсыруға тура келеді. Сонымен бірге медициналық ұйымдағы екпе қорына да байланысты. 

 

- Жаппай салу деп айтқанымызбен біз де өңірімізге жеткізілген вакцина санына тәуелдіміз. Мәселен ол жедел түрде салынып кетсе, біз келесі лекті күтуге мәжбүрміз. Сол кезде екпе салдыртуға келгендердің жазбасын кейінге шегеруге тура келеді, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Сәуле Арыстанова.

 

 

Денсаулық сақтау басқармасында сәуір айының соңына дейін барлық тілек білдіргендерге вакцина салуды жоспарлап отырғанын жеткізді. Аймағымызға сенбі күні қосымша 4200 доза жеткізілген. Өңіріміздегі эпиджағдайға келер болсақ, бүгін КВИ жұқтырған 54 адам тіркелген. 

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()