Павлодар облысында КВИ жұқтырғандар саны күрт артты. Жедел жәрдем қалай жұмыс жасауда?
Қоңыраулардың басым бөлігі кеңес сұраумен шектеледі. Айта кету керек, жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері тек шұғыл әрі ауыр жағдайдағы науқастарға барады. Жеңіл категорияға жататындар емханаға бағытталады. Мәселен дене қызуы көтеріліп, бір-екі күн ауырып жатса, созылмалы сырқаты болмаса, инфаркт немесе аяғы ауыр әйел болмаса, бұл ретте жедел жәрдем шақырғандарға біраз күтуге туралы келеді.
- Өткір коронарлық синдром, ми қан айнылымының бұзылуы, бұл жарақат және босану, кішкентай балалар, өткір іш аурулары, жол-көлік апатына байланысты шақыруларға басымдық беріледі және жедел жәрдем бригадасы ең бірінші соларға барады, - дейді Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы бас дәрігерінің орынбасары Ирина Мищенко.
Жедел жәрдем қызметінде 103-ке түскен барлық қоңырауға мән берілетінін атап өтті. Сонымен қатар шұғыл көмек көрсету мамандары коронавирусқа тест алмайды және талдаулар да жүргізбейтінін еске салды. Айта кету керек, облыс бойынша тәулігіне 70 жедел жәрдем бригадасы қызмет көрсетеді.
АВТОРЫ: Бибінұр Хамитқызы