• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында көкжөтелге шалдыққандардың саны азаятын емес

Павлодар облысында көкжөтелге шалдыққандардың саны азаятын емес

 

Эпидахуал оңды болмай тұр дейді мамандар. Ауырғандардың басым бөлігі екпе алмағандар. Бұл ретте, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері Павлодар өңіріне табан тіреп вакцина төңірегіндегі мәселені талқылады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Екпеден қорықпау керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның өкілдері тұрғындарға осындай үгіт-насихат жасауды күшейту қажет деп санайды. Ал адамдар арасында вакцина жасату үрей туғызатыны баршаға мәлім. Тіпті, салдарын тізбектеп әлеуметтік желіге жазып жатады. Бұл тарапта білікті мамандар сескенуге негіз жоқ дейді.

 

- Біз барлық жағдайды бақылауда ұстап отырмыз. Әзірге вакцинаның кесірінен балалардың церебральды сал ауруына немесе аутизмге шалдығуы расталған жоқ. Тіпті, біздің тарапымыздан мақұлданған кез келген вакцина бұл ауруларды қоздырмайды. Індеттің жалғыз жолы екпе екенін қаперден шығармау керекпіз,-деді ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының өкілі Олег Бенеш.

 

Айтса айтқандай, індеттерге тойтарыс беру қиындап барады. Мәселен, елде көкжөтелден 2 бала қайтыс болды. Павлодар облыстында жағдай тұрақты емес. Жыл басынан 75 дерек анықталған. Басым бөлігі 14 жасқа дейінгілер.

 

Фото: Freepik.com