Павлодар облысында көпбалалы отбасыларға қолдау жасалмақ
Көп балалы отбасыларды қолдау туралы «AMANAT» партиясының павлодарлық филиалында айтты. «AMANAT» партиясының «Бақытты отбасы» жобасы қоғам арасында көпбалалы отбасылар тегін дүниеге үйренген деген стереотипті жоққа шығаруға бағытталған. Басты мақсат мұндай жанұяларды бірігіп еңбектеніп, өз жағдайын жасауға үйрету. Ол бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылмақ. Білім беру курстарынан өту, тігін тігу, кірпіш шығару, шеберхана ашу секілді өз ісін бастау, мал шаруашылығымен айналысу, Асар принципі арқылы көпбалалы отбасылардың үйлерін жөндеу.
-
Аталмыш жоба түсіндіруге арналған, Біз 4-5-6 бала тәрбиелеп отырған отбасыларға басымдық береміз. Бастысы оларға ақпараттың дұрыс жетуін қадағалау. Әсіресе интернет түгілі газет жетпейтін шалғай ауылдарда тұратын отбасылар бар. Адам ақпарат пен көмек ала алмаған кезде мемлекеттік органдарға, үкіметтік емес ұйымдарға, депутаттарға шағымдана бастайды. Мәселен оларды қандай мемлекеттік қолдау бары, құжатты қала рәсімдеу керектігі, қандай да бір істі ашу үшін несие алуға болатыны туралы құлақтандырамыз,- дейді «Amanat» партиясының ПОФ атқарушы хатшысы Илья Теренченко.
Семинар тренингіге бүгін аймағымыздың түрлі аудандарынан келген көп балалы отбасыллар, ҮЕҰ өкілдері мен еріктілер қатысты. Бастысы бұл жоба арқылы өмір жағдайын жақсартқысы келетін жанұяларды біріктіру, бір-біріне көмектесуге үйрету. Аталмыш жұмыс аймақтың шалғай ауылдарындағы әлеуметтік осал топқа жататындармен жалғасын табады деп атап өтті «AMANAT» партиясында.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы