• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1000-ға жуық шетелдік жауапқа тартылды

Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзған 1000-ға жуық шетелдік жауапқа тартылды

Жыл басынан бері Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 991 шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен 83 адам елден шығарылады, деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Павлодар облысы ПД Көші-қон қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өңірде 12 492 шетелдік тұрақты тұрып жатыр. Оның ішінде:

 

2 781 адам — алыс шетел азаматтары;

 

9 711 адам — ТМД елдерінің азаматтары.

 

2026 жылдың алғашқы алты айында Павлодар облысына 4 425 шетелдік келіп, уақытша тіркелді. Олардың басым бөлігі, яғни 3 728 адам ТМД елдерінен келсе, тағы 697-сі — алыс шетелден келгендер. Осы уақыт ішінде Қазақстан азаматтығын 565 адам алды, оның 489-ы — этникалық қазақтар. Сондай-ақ, сот шешімімен 83 адам Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарылатын болды.

 

– Заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырғаны үшін 787 шетелдік, ал шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 78 жұмыс беруші жауапкершілікке тартылды, — деп хабарлады Павлодар облысының ПД.