• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында мас күйдегі ұлы анасымен жанжалдасты

Павлодар облысында мас күйдегі ұлы анасымен жанжалдасты

 

 

Облыстағы ауыл тұрғыны ұлының мас күйдегі ұрыс шығаруы жайлы шағымданған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Алкоголь ішіп, мас болған ер адам анасын балағатап, жанжалдасқан.

- Ер азаматтың бұл әрекеті сотта қаралды, онда алкогольді, есірткіні және психотроптық заттарды қолдануға тыйым салынып, оның мінез-құлқына ерекше талаптар қойылды. Сондай-ақ, сот психологиялық көмек көрсету шарасын белгіледі, - деп хабарлады Павлодар облысы ПД.

Айту керек, ағымдағы жылы полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 50 өтініш түсті. Қарау қорытындысы бойынша 72 қорғау ұйғарымы шығарылды, ал 15 құқық бұзушыға қатысты ерекше талаптар белгіленді.

 

Фото: Freepik.com