• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Павлодар облысында мас күйінде көлік басқарған мемлекеттік қызметкерлер анықталды

Қазіргі таңда мемлекеттік қызмет департаменті Павлодар облыстық сотымен жасаған меморандум барысында әкімшілік құқық бұзу кодексінің бабына қайшы әрекеті бойынша мемлекеттік қызметкерлерді бақылауға алған. Бұл ретте Железин ауданы әкімдігінің маманы ішімдік ішіп алып, көлік басқарған кезде тәртіп сақшыларының көзіне түскен. Нәтижесінде ол жұмысынан қуылды.

- Мемлекеттік жұмыстан босату туралы жаза қолданылған болатын. Әмеркеновке қатысты қызметтік тергеу жүргізілуде. Әмеркенов полицияда ұсталған кезде және сотта өзін жұмыссыз деп көрсеткен болатын, - дейді Павлодар облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері бойынша агенттік департаменті басқармасының бас маманы Ерғанат Әбісалықов.

Алайда оның Павлодар облысы дін істері жөніндегі басқармасының бас маманы екені белгілі болды. Айта кету керек, ол да қала ішінде мас күйінде көлікпен жүрген. Нәтижесінде Әмеркенов те жеті жылға жүргізуші құқығынан айрылып, он бес тәулікке қамалды.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы