Павлодар облысында мектеп директоры бұрын кісі өліміне қатысты жауапқа тартылған
Осыған дейін сыбайлас жемқорлыққа қатысты жауапқа тартылған 8 директор қызметтен босатылды. Мәселен, Тереңкөл ауданы мектебінің директоры, ол бұрын жауапқа тартылғанымен жаңа заңнамаға сай жұмыс жасай алмайды. Ал Аққулы ауданындағы мекеме басшысы кезінде істі болған екен.
- Заңнамаға сәйкес бұл адам білім беру саласына мүлдем жұмыс жасаумауы қажет. Ол кісі өліміне қатысты жауапқа тартылған болатын, - дейді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Әнуар Балғожин.
Бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Железин ауданы прокуратурасының ғимаратында өзін атып өлтіруге оқталған полиция қызметкеріне қатысты өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу фактісі бойынша қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады. Ешкімнің кінәсі табылмады, ал қызметкердің өзі тексеруден бас тартты. Еске сала кетейін, оқиға мамыр айында болған.
Авторы: Бекбол Мырзахан