• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 6 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған

Павлодар облысында мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 6 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған

 

 

Жалпы жыл басынан бері өңірде 9 миллионнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілген деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Жыл басынан бері мемлекеттік қызмет көрсету бойынша 6 мыңнан астам заң бұзушылық анықталған. Көп бөлігі білім беру, жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы саласында. Түрлі мемлекеттік органдардың өкілдері, ХҚКО мамандары мәселені шешу жолдарын талқылады.

 

- Бұл мемлкеттік қызмет көрсету қызметін бұзу, көрсетілген қызметті алушылардың қағидаларына сәйкес көзделмеген құжаттарды талап ету, құжаттар топтамасы толық болмаған кезде мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсету рәсімін бұзу сонымен қатар есептерде дұрыс емес деректерді ұсыну болып табылады,-деді Павлодар облысы әкімінің аппараты мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау бөлімінің басшысы Диана Қамбарова.

 

Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі департамент өкілдерінің айтуынша қазіргі таңда 1200-ге жуық азаматтың құқығы қалпына келтірген. Бұл ретте 2024 жылдың 9 айында мемлекеттік қызметті көрсету сапасына жауапты 50-ге жуық адам тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Кездесу қорытындысы бойынша барлық ұсыныстар мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттіктің орталық аппаратына жөнелтіледі.

 

Фото: Freepik.com