• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында нигериялық штаммның алғашқы жағдайы тіркелді

Павлодар облысында нигериялық штаммның алғашқы жағдайы тіркелді

Қазіргі таңда 943 науқас стационарлық ем қабылдауда. Бас дәрігердің айтуынша вакцинациялауда өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында мәселе туындаған. Бұдан бөлек өңірімізде нигериялық штамның алғашқы жағдай тіркелді. Ол 2016 жылғы Павлодар қаласының тұрғыны.

 

- Аты-жөні барлығы бізге белгілі. Отбасыға анализ жасадық. Олар барлығы ауырып шыққан. Қазір жазылып қалды. Ешқандай жанама әсерлері жоқ, - деді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

 

Айта кететіні, анализды отбасының тек 1 мүшесінен алған. Тамыз айында Алматыға сараптамаға жіберіліп, оң нәтиже көрсеткен. Бұдан бөлек облысымыздың бас дәрігері 15 қыркүйектен бастап маусымдық тұмауға қарсы егу басталғанын жеткізді. Қазіргі таңда 8878 адамды қамтыған.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова