• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында оқу жылы басталғалы 650-ден астам сынып карантинде болған

Павлодар облысында оқу жылы басталғалы 650-ден астам сынып карантинде болған

Санитарлық дәрігерлердің айтуынша аймақ мектептеріндегі жағдай тұрақты. Жазғы демалыс пен қазіргі оқу жылы басталған кездегі коронавирус жұқтыру саны бойынша айтарлықтай айырмашылық жоқ. Қыркүйектің бірінен 134 мұғалім ауырғаны, оның жартысы қазан айында. 651 сыныпты карантинге жіберіп үлгерген. Қазір 76 оқу орнында 167 сынып жабық.

- Оқу жылы басталғалы оқушылар арасында 914 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелді. Ал жазғы демалыс кезінде бұл сан 219-ді құраған. Қыркүйекте 471, ал қазан айында 221 балада індет  анықталды, - деді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Ғизат Әбешев.

Ал балабақшаларда індеттің тіркелуі сирек. Қыркүйек басталғалы 46 балада расталған. Айта кету керек, аймағымызда апта сайын мыңнан аса жағдай тіркелуде. Ал пандемия басталғалы бұл сан 49 мыңды құраған.