• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында сальмонеллез ауруын жұқтырғандар саны көбейюде

Павлодар облысында сальмонеллез ауруын жұқтырғандар саны көбейюде

 

 

 

ЖРВИ мен тұмау кезеңі артта қалды. Дегенмен күннің жылынумен бірге жедел ішек инфекцияларының эпидемиясы басталды. Биыл өңірде дәрігерлер сальмонеллезбен сырқаттанушылардың саны өскенін айтып отыр. Сонымен қатар, жұқтырған адамдардың басымы балалар екен.

 

- Облыс бойынша 25 зертханалық расталған жағдай тіркелді, оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 22 жағдай, бұл 88% құрайды. Аурудың өсуі наурыз айындағы мерекелерге байланысты, сондықтан 13-ші аптада аздап өсу байқалды,-деп жеткізді Павлодар облыстық балалар ауруханасының инфекциялық стационарының дәрігер-эпидемиологы Томирис Джульсаитова

 

- Бұл ауру лас қолмен тамақтану және негізінен жануарлардан алынатын өнімдер жұмыртқа мен етті дұрыс жумаудан пайда болады. Қолданар алдында термиялық өңдеу қажет. Аурудың негізгі белгілері — диарея, құсу, дене температурасының жоғарылауы және әлсіздік,-дейді Павлодар облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің бас маманы Шахизада Тұрлыбаева.

 

Жалпы, облыста сальмонеллез бойынша жағдай тұрақты. Бірақ, аурудың алдын алу үшін дәрігерлер ересектер мен балаларды қарапайым гигиена ережелерін сақтауға шақырады. Ең бастысы - тамақтанар алдында қолыңызды жуу.