• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында шыршаны заңсыз кескен ер адамға айыппұл салынған

Павлодар облысында шыршаны заңсыз кескен ер адамға айыппұл салынған

Бұл Естай көшесіндегі шырша сатуға ресми рұқсат етілген орын. Таңдау жеткілікті. Саудагерлердің айтуынша жаңа жыл символының бағасы 4 мың теңгеден басталады. Ұзындығы мен үлкендігіне байланысты. Адамдар көбінесе табиғи шыршаны құруды жөн көреді.

Инспекция мамандары полициямен, кәсіпкерлік бөлімі өкілдерімен бірге заңсыз шырша сатушыларды анықтайды. Бұл ретте ағаштың жүк құжаты, кеденнен өткені туралы қағаз, фитосанитария құжатын тексереді. Заң бұзушылар да бар.

- Облыс бойынша заңсыз шырша кесудің бір дерегі анықталды. Бұл орман және жануарлар әлемін қорғау бойынша Үрлітөбе мемлекеттік мекемесі яғни Железин ауылы. Жас қылқанжапырақтыны заңсыз кескен тұлға анықталды. Материалдар аудандық ішкі істер бөліміне жіберілді, - дейді орман шаруашылығы және жануарлар әлемі ОАИ басшысының орынбасары Қайрат Әбілбаев.

Павлодар облысына көрші Ресейден шамамен 8 мың шырша жеткізілген. Ал еліміз бойынша оның ішінде біздің аймақта да қылқан жапырақтыларды кесуге мораторий жарияланған.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы