• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында шілде айы жаңбырлы болады деп күтілуде

Павлодар облысында шілде айы жаңбырлы болады деп күтілуде

 

 

Синоптиктер болжамдарымен бөлісті, алдағы уақытта, найзағай, тіпті бұршақ жауады деп күтілуде. Бұл ретте, ауа температурасы қалыпты болады дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Маусым айыны ыстығы халықты біраз әбігерге салғаны анық. Ең жоғары температура +38 болды. Алайда, өткен жылы термометр бағаны +42 градусты тіркепті. Ал алдымыздағы шілде айы жаңбырлы болады деп күтілуде.

 

-Облыстың барлық аумағында ауа температурасы нормаға жуық болса, жауын-шашын мөлшері нормадан көп болады деп күтілуде. Жауын-шашын, найзағай, желдің күшеюі секундына 15-20 метрге дейін жетеді,-деді "Қазгидромет" Павлодар облыстық филиалы бөлімі басшысының м. а. Оксана Овсянникова.

 

Алдағы аптада ауа-райы құбылмалы болады. Алайда, өткен күндері жауын-шашын күтілгенімен аса қатты болмады. Сондықтан, қошатырларыңызды ұмытпай бірге алып жүрген абзал.

 

Фото: Freepik.com