• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында суды Ертістен тасып ішіп отырған ауылдар бар

Павлодар облысында суды Ертістен тасып ішіп отырған ауылдар бар

Адамадар бір құты су үшін ауылдағы жалғыз КБМ-ға кезекке сағаттап тұруға мәжбүр. Тек мұндағы тіршілік нәрі ақылы. Бір флягасы - 40 теңге. Ал оны үнемі сатып алуға барлығының бірдей жағдайы жете бермейді. Төрт жыл бұрын басталған су құбырының құрылысы тоқтап тұр. Адамдар кейде су үшін тіпті бір бірімізбен жаға жыртысуға дейін барамыз дейді.

- Бұл сұмдық қой, біз қай ғасырда өмір сүріп жатырмыз. Ақсу қаласының жанында тұрамыз. Қысы-жазы дұрыс су жоқ. Тіпті бір фляга су үшін төбелесуге дейін барамыз. Қыста қар ерітеміз, жазда өзеннен тасимыз, - деді Еңбек ауылының тұрғыны Орынбасар Набиева.

- Машинасы барлар Ақсудан тасиды, трактормен Ертістен әкеледі. Қазір жазда мында су бар, ал қыста мында 4-5 сағат тұратын кездер болады тоңып, балалар, әйелдер мында. Бір фляг су, ол жетпейді, - деп назын айтты Еңбек ауылының тұрғыны Қуаныш Нұрғабыл.

Ауыл әкімінің айтуынша тапсырыс беруші - Ақсу қаласының құрылыс бөлімі. 2018 жылы конкурсты жеңіп алған мердігер компания жұмысын соңына дейін жеткізбеген. Кейін  сот арқылы ол алақол деп танылып, жоба сомасы бюджетке қайтарылған. Қазір қалалық құрылыс бөлімі Ақсу су арнасымен қайта келісімшарт жасаған. Қалған ақауларды енді олар жойып, халыққа су тартуы тиіс. Олқылықтар кесірінен құдықтардан жиі су ақпай қалатыны рас дейді ауыл басшысы.

- Су құбыры біраз шегеріліп қалды. Үшінші жылға кетті биыл. Бірақ Ақсу су арнасы жаңағы жұмыстарды қайта бастады. Магистраль дейміз соны толық суын берді. Көшелерге құдықтар қойылды, сырттан әзірше алып жатыр. Қазір әзірше аздап беріліп жатыр. Барлық қуатта беріліп тұрған жоқ. Өйткені жаңағы магистральдарда тексеріс жұмыстары жүріп жатыр әлі. Жарылып жатыр ғой қайта-қайта сол жерін жөндеп жатыр, - деп ақталды Мамайыт Омаров ауылдық округінің әкімі Болатхан Сүкірұлы.

Қазіргі таңда Еңбек елді мекенінде 344 үй бар. Барлығы мыңнан астам адам тұрады. Әкімнің айтуынша қазір 170 баспанаға су құбыры тартылған. Қысым аз болса да тіршілік нәрін 39 үй пайдалануда деп сендірді. Ал ауыл болса күн суытқанша толығымен сумен қамтамасыз етіледі дейді. Тұрғындардың күтуден басқа амалы жоқ.