• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында табысы төмен тұрғындарға жалға берілетін үй ақысын төлеуге көмектеседі

Павлодар облысында табысы төмен тұрғындарға жалға берілетін үй ақысын төлеуге көмектеседі

Өңірімізде төрт әлеуметтік осал санат: ерекше қажеттіліктері бар адамдар, жетімдер, көп балалы отбасылар және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар сынды бір жарым мыңға жуық адам субсидиялауға үміткер бола алады. Отбасы банкінде пәтер кезегінде тұрған өңір тұрғындарының өтініштері қабылданады. Бұл ретте 320-дан астам адам жүгініп үлгерген. Олардың шамамен 10% мақұлданды.

 

-Бағдарламаның мәні мемлекеттің жалдау сомасының 50% мөлшерінде жалға берілетін тұрғын үйді субсидиялауға көмектесетіндігінде. Бүгінде банк жалға беруді субсидиялауға өтінім беру үшін клиенттерге 40000-нан астам СМС хабарлама жіберді,- дейді "Отбасы Банк" АҚ бизнесті дамыту бөлімінің бастығы Арман Нұрғаламов.

 

Тұрғын үй аумағына шектеулер бар. Мәселен, егер отбасында үш немесе одан да көп адам болса, онда пәтер 40 шаршы метрден, ал жалға алу 79045 теңгеден аспауы тиіс. Ал төрт адамнан алты адамға дейінгі отбасы 60 шаршы метр мен ай сайынғы төлемге 118 мың теңгеге дейін төлеуі шарт. Алты және одан да көп адамнан тұратын отбасы үшін жалға алу 158 мың теңгеден аспаса және бұл максимум, субсидия ала алады. Айта кету керек, төлемге үміткер тұрғын үйді өз бетінше таңдайды.

 

 

Авторы:Азамат Айтхалин