Павлодар облысында тағы құс тұмауы дерегі тіркелді

Павлодарское ауылының тұрғыны жергілікті ветеринарлық бекетке жеке қосалқы шаруашылығында үй құстарының қырылып жатқандығын айтып келген. Оқиға орнына жеткен мамандар қанаттылардан қан сынамаларын алып, бірден ветеринария бойынша ұлттық референттік орталыққа жіберді. Нәтижесі жоғары патогендік құс тұмауын көрсеткен.

- 14-і күні зертханадан нәтиже келді. Өлген және жойылған құс басына өтемақы төленеді. Барлығы сол аулада 64 құс өлді, 20 құс алып жойылды, - деді Павлодар облысы ветеринария басқармасы эпизотияға қарсы іс-шаралар жүргізу бөлімі басшысының м.а. Ғалым Бейсенов.

Жоғары потагендік құс тұмауының пайда болу себебін қызметтік тексеріс көрсететеді. Алдын ала болжам бойынша, ол жабайы қанаттылардан жұғуы мүмкін. Айта кету керек, ауруға шалдыққан тауықтарға мамыр айында екпе салынған екен.