Павлодар облысында жүкті әйелдерге арналған пансионат іске қосылады
Өңірде ана мен бала денсаулығы қалай қорғалатынаы туралы облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Гүлнар Буратаева айтты деп хабарлайды irbistv.kz.
«Салауатты ана» панисонатын желтоқсан айында іске қосу жоспарлануда. Ол жылына 50 әйелген арналған және бірінші кезекте шалғай ауылдардан келіп босанатын әйелдерге бағытталған.
-Бұл қала ішінде тоқтайтын жері жоқ, бірақ дәрігерлік көмекке мұқтаж әйелдерге көрсетілетін көмек болады. Біз күрделі жөндеу жұмыстары жалғасып жатқан жеке ғимарат бөлдік., - деді облыстық перинаталдық орталықтың басшысы Гүлнар Буратаева.
Пансионатта плацентаның төмен орналасуы, жатырда көптеген тыртықтары бар және басқа да асқынулары бар әйелдер тұрады деп жоспарлануда. Пансионатта мерзімінен бұрын туылған нәрестелері бар аналар да оңалтудан өтуі мүмкін. Бүгінде перинаталдық орталықта генетик кабинеттері, босануға дайындық мектебі, ұрықты қорғау орталығы, сондай-ақ катамнез кабинет жұмыс істейді.
Фото: Freepik.com
