• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында жақын демалыс күндері 15 градусқа дейін жылы болады

Павлодар облысында жақын демалыс күндері 15 градусқа дейін жылы болады

Кейін аймағымызға атлантикалық циклон келеді. Алайда қар қалың жауып, жатып алады деп күтудің қажеті жоқ дейді синоптиктер. Қараша айының ортасына дейін ауа райы құбылмалы болады деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

 

Павлодар облысында 2 және 3 қараша күндері биыл соңғы рет жаймашуақ ауа райы болады. Ал кейін циклонмен бірге қар жауып, күндіз қар аралас жаңбыр болады. Көктайғақ болып, жел күшейеді. Дегенмен одан кейін де ауа райы тұрақты болмайды.

 

-Суық ауа райына қалыппен көшу жоқ. Өйткені күндіз тұрақты жылы болады. Қар қараша айының екінші жартысында түседі,-деді «Қазгидромет» Павлодар облыстық филиалының метеоболжамдар бөлімі басшысының м.а. Оксана Овсянникова.

 

Күндіз +7 дейін жылы болады. Барлығы жауын-шашынның мөлшеріне байланысты. Алайда өткен жылдағыдай жылы қараша болмайды. Ол кезде температура нормадан 6 градусқа жоғары болған еді.