Әлеуметтік желі арқылы кіру

немесе

КІРУ

Павлодар облысында жарты жыл ішінде 600-ге жуық ерлі-зайыпты айырылысқан

Қоғам

118
Өңірде ажырасу көресеткіші артуда. Психологтар бұған себеп болған факторларға нұсқап жатса, жас отбасылар махаббатты сақтап қалу қашан да мүмкін дейді.

 

Дархан мен Қымбат Қапан шаңырақ құрғандарына 2 жылдан асып, қазір ұл бала тәрбиелеп отыр. Жас отбасы өз замандастары арасында жиі ажырасу ахуалынан еш қорықпайды. Некеде махаббаттан бөлек, құрмет пен түсіністік болуы керек дейді. Пандемиялық оқшаулануда тұрмыстық ұрыс, айырылысу деректері артса, олардың жанұясында керісінше келген қиындық тек берік болуға әсер еткен көрінеді.

- Жұмыстан келгенде қайда болдың? Қанша әкелдің ондай сұрақтармен емес, қалың қалай? Жұмысың қалай? Солай қарсы алса, қалай ұрсасың? Мен жұмыстан келгенде мені солай қарсы алады. Мен не деймін, неге үйді жинамадың? Қалай айтамын, жақсы көңіл күймен қарсы алса?Барлығы адамға байланысты, - дейді Дархан және Қымбат Қапан.

Облысымызда жарты жылда 551 айырылысу тіркелген. Көрсеткіш артуда. Ажырасу коэффициенті 1,5 құрайды. Ахуалға ерлі-зайыптылардың бала сүйе алмауы, қол көтеру сынды факторлар әсер етеді екен. Бірақ, көбінесе жас отбасылар түсініспеушілік, мінездердің келіспеуі салдарынан, тез арада бөлек кетуге асық. Бұны психолог мамандар да растап отыр. Мамандар көмегіне жүгінетіндер аз емес.

- Отбасы құрғандар армандап, өзгені күтеді. Бірақ, олар қиялдаған өмір серігі тұрмыста басқа қырларын көрсетеді, ата-аналардың екеуінің қатынасына араласуы ашу туғызады. Сонда ешқашан өзімді кінәламаймыз. Әркім өз жұбын себеп қылады. Мен ол үшін спорттан, керемет мансабтан бас тартып, үйлендім ғой! Оған менің әйелім, күейуім кінәлі деген ойлар туады. Отбасылық өмір сіз күткендей болмауы мүмкін, бұл үлкен еңбекті қажет ететін қатынастар, - деді психолог Татьяна Кравцова.

Ел іргетасы – отбасы десек, оның керегесі кең, босағасы берік болуы өмір бойы қол ұстасып өтуге серттескен екеудің күш-жігерінен бастап мемлекеттік деңгейдегі қамқорлық пен қолдауға дейінгі аралықтағы түрлі факторлардың ықпалына тәуелді екен.

Авторы: Дархан Бекишев

Тегтер

Пікір қосу

Пікір қалдыра отырып Сіз пікір қосу толық келіскен болып табыласыз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру

             

Пікірлер ()