• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында жеке сот орындаушысы фермерді шығынға батыра жаздады

Павлодар облысында жеке сот орындаушысы фермерді шығынға батыра жаздады

Павлодар облысында сот қуыным сомасынан әлдеқайда қымбат мүлікке тыйым салған жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп таныды, деп хабарлайды irbistv.kz.

Бұған дейін сот шаруа қожалығының мүлкіне талап қою сомасы – 84 миллион теңге көлемінде тыйым салу туралы ұйғарым шығарған. Алайда жеке сот орындаушысы мүліктің құнын алдын ала бағаламай, 42 жер учаскесіне, 5 көлік құралына және банк шоттарына тыйым салған.

Істі қарау барысында тәркіленген бес жер учаскесінің ғана құны 91 миллион теңгені құрайтыны анықталды. Бұл сот белгілеген талап сомасынан асып түседі.

– Соттың шешімімен әкімшілік талап-арыз толық көлемде қанағаттандырылды. Жеке сот орындаушысының әрекеті заңсыз деп танылды. Сонымен қатар сот оған талап қою сомасы шегінде ғана мүліктің бір бөлігіне тыйым салу жөнінде шаралар қабылдауды міндеттеді. Істі қарау қорытындысы бойынша сот жеке ұйғарым шығарды. Сот шешімі мен жеке ұйғарым заңды күшіне енді, – деп хабарлады Павлодар облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты.