Павлодар облысында жыл басынан алаяқтық бойынша 300-ден астам факті тіркелді
Көбінесе алақтардың арбауына әйелдер, оның ішінде зейнеткерлер мен орта жастағы адамдар түседі. Осы ретте, мердігерлер халық арасында қаржы сауаттылығы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіліп тұрады дейді.
-
Осы бағытта жұмыс жүргізілуде, жұмыс өте күрделі. Себебі, қылмыскерлер де бір орында тұрмайды, күн сайын дамып, білім алуда. Күн сайын интернет алаяқтықтың, қаржы пирамидаларының жаңа әдістері пайда болады,- дейді Павлодар облысы кибер қылмыспен күрес басқармасының уәкілі Аман Әубәкіров.
Сонымен қатар, алаяқтар «Шпион» мобильді қосымшасы арқылы сіздің барлық құпия деректеріңізге еш қиындықсыз ие бола алады. Айта кетейік, жыл басынан бері 300-ге жуық алаяқтық фактісі тіркелген. Оның ішінде 186 қылмыстық іс анықталып, 150-ден астамы бас бостандығынан айырылды. Алаяқтардың арбауына түспеу үшін белгісіз сайт дереккөздеріне өтпеуге, телефоныңызға күдікті хабар келсе, ұялы байланысты дереу үзу керек екенін еске саламыз.
Авторы:Альфия Омарова