• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында жыл басынан бері 225 адам COVID-19 індетінен көз жұмған

Павлодар облысында жыл басынан бері 225 адам COVID-19 індетінен көз жұмған

Соңғы уақытта коронавирусқа шалдыққан балалар мен аяғы ауыр әйелдердің саны артқан. Олардың қатарында өкпесі 90 процентке қарайған әйел де болыпты. Абырой болғанда қазір науқастың жағдайы жақсарып келеді деді денсаулық сақтау басқармасының басшысы.

 

- Бір аяғы ауыр науқасымыздың өкпесі 90 процентке қарайған болды. Сонымен бірге жүрегі тоқтап қалды. Жан сақтау шараларын бірден қолға алып, баласын босандырдық. Бала қазір перинаталдық орталықта. Анасының жағдайы да жақсарып келеді, қазір кардиорталықта ем алып жатыр, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

 

 

Сонымен бірге Айдар Ситқазинов қазіргі таңда шұғыл емес операциялардың барлығы кейін жасалады деді. Бұл хирургия, гинекология және кардиология. Дегенмен де әр науқастың жағдайы бақылауда болады. Індеттен көз жұмғандар саны соңғы аптада күрт артқан. Ең жасы 25-те.

 

 

- 25-тегі науқас 1 қалалық ауруханада көз жұмғаны рас. Оның денсаулығы бойынша айтсақ, созылмалы сырқаттары болды. Көз жұмғандар саны шынымен артуда. Өкінішке орай соңғы екі күнде 13 адам бақилық болды. COVID-19індетінен көз жұмғандардың орташа жасы 69 құрайды, - дейді Айдар Ситқазинов. 

 

 

Өткен тәулікте 251 адам коронавирус жұқтырғаны белгілі. Инфекциялық ауруханалардағы бос емес кереует саны 54,3, жансақтау бөлімінде бұл сан  42  процентті құрайды. 11 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы