• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында жүз жыл бұрынғы зираттағы денелер ашылып қалған

Павлодар облысында жүз жыл бұрынғы зираттағы денелер ашылып қалған

Редакциямызға келіп түскен бейнені балықшылар жөнелткен. Белгілі болғандай жағалаудан 70 метр жерде зират орналасқан. Ал жергілікті тұрғындар жатқан сүйектің не адамдікі, не жануардікі екенін білмейді. Ол үшін арнайы мамандар қажет. Оған қоса бұл маңда зират болмаған дейді. Ауыл ақсақалы Рахим Қайырбаевтың сөзінше өткен ғасырда Ертіс өзені арнасының ауысуынан бірнеше зиратты су алып  кеткен. Олар басқа жақта орналасыпты.

 

- Мына сүйектің әлі көрінбейді немененікі екенін. Және сүйектің жатысына қарағанда бұл мұсылмандікі емес, мұсылманның бас денесі құбылаға қарап жатады. Бұл көлденеңнен жатыр. Бұрын бала күніміздегі зират 70-ші жылдары Ертіс шәйіп кетті көбін. Менің білуімше 2 зират кетті бала күнімде. Ал мына 3-ші зират алыс ол, - деді Ақтоғай ауданы, С.Мүткенов ауылдық округінің тұрғыны Рахим Қайырбаев.

 

Тұрғындар үшін байырғы жерлеу орындарының табылуы таңсық дүние емес секілді. Тіпті ауыл әкімінің өзі осындай жайттарды бұрын естіп-біліп жүретінін айтты.

 

- 5-ші жыл жұмыс істеп жатырмын. Осыны бірінші рет естіп тұрмын. Бірақ, бала кезімде еститінмін Ертістің суы тасыған жерлерде сүйектер шығып жатады деп еститінмін. Ауылдың ақсақалдары, имам барлығы бірге ресми зиратқа барып жерлейтін ол сүйектерді. Қазір енді бүгінгі жағдайда біздің міндетіміз учасковыйға хабарлаймыз. Учасковыймен комиссия барлығы барып шешеді қандай мәселе екенін. Олар өздерінің жедел іс-шараларын жасайды, - дейді Ақтоғай ауданы, С.Мүткенов ауылдық округінің әкімі Ерік Төлеков.

 

Әкімдік тарапынан сүйектер табылған орынға мамандар жұмылдырылды. Тексеріс жүргізіліп сараптама тағайындалады. Егер адамдікі екендігі расталса, басқа зиратқа апарып қайта жерлейді.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан