Павлодар облысында жұма намазы уақыты өзгерді

Белдеу ауысқан соң намаз бен жұма намазы уақыты да өзгереді деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі Қазақстан мұсылмандар діни басқармасына сілтеме жасап.

 

1 наурыздан бастап уақыт белдеуінің бір сағатқа артқа жылжыған соң, намаз уақытына да өңірлер бойынша өзгертулер енгізіледі. Мұсылмандар діни басқармасы Рамазан мен ораза кестесін наурызда жариялайды. Ал жұма намаз уақыты бойынша Павлодар облысындағы нақты уақыт белгіленді.

 

-Келесі аптаның жұма намазы уағызы енді сағат 12:45 басталса, азан 13:15 шақырылады. 1 наурыздан бастап енгізілетін аталмыш өзгеріс, енді біздің өңіріміз үшін қалыпты болады,-деп хабарлады ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігі.

 

Еске сала кетейік, еліміздің 15 өңірі 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміз бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді.