• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында қайталама екпе алу науқаны басталып кетті

Павлодар облысында қайталама екпе алу науқаны басталып кетті

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы алғашқылардың бірі болып қайта екпе алды. Естеріңізге сала кетсек, Айдар Ситқазинов бұған дейін «Спутник» алған еді. Ал бүгін отандық екпені салдыртты. Басқаларға да солай жасауға кеңес береді.

- Біздің емханаларда бұған дейін екі бірдей компонентті салдыртқандардың тізімі бар. Сәйкесінше дәрігерлер қазір сол тізім арқылы жұмысын жалғастырады. Ең бірінші медицианлық қызметкерлер, құқық қорғау органдары, педагогтер, диспансерлік есепте тұрғандарға салынады. Тізім бойынша шақыратын боламыз, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Ситқазинов.

Естеріңізге сала кетсек, Спутник екпесінен кейін тоғыз, ал басқа вакцинадан соң алты айдан кейін қайта екпе алу керек. Жалпы өңіріміздегі эпиджағдай жақсаруда. Бұл ретте инфекциялық ауруханалардағы кереует санын қысқартып, жоспарлы операцияларды жасай бастамақ.