Павлодар облысында қанша тұрғын санаққа қатысты?

Ыңғайлы уақыт тауып, компьютерге кіріп, не болмаса мобильді қосымша арқылы сауалдарға жауап бергендер біздің өңірімізде аз емес.

 

- Бұл жалпыға бірдей ауқымды іс-шара болғандықтан, тек адам санын есептеу үшін емес, өзге де көптеген маңызды мәселелерді шешу, сараптау үшін қажет. Алдағы жылдарға әлеуметтік жоспар, бюджетті қабылдау, өзге де міндеттер қоюда, бірқатар ақпаратты анықтау керек. Қазіргі таңда өңірімізде халық санағынан  144 941 азамат өтті. Жұмыс жалғасуда, - деді Ұлттық статистика бюросы Павлодар облысы бойынша департамент басшысының орынбасары Жанар Мағзамова.

 

Ұлттық санаққа қатысқысы келмегендерге шара қолдану деген жоқ. Итервьютерлер ауызша, бұл іс-шараның маңыздылығын жеткізеді. Қашықтықтан жауап беру мүмкіндігі 15-қазанға дейін ұсынылады.

 

Авторы: Дархан Бекишев