• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында қансорғыштармен күрес нәтижесі қандай?

Павлодар облысында қансорғыштармен күрес нәтижесі қандай?

Әлеуметтік желілерде маса мен шіркейге шағымданған бейнелер таусылатын емес. Әсіресе елді мекендердегі халық айтарлықтай жапа шегуде. Көбісі қансорғыштарды улау нәтижесін сезініп жатқан жоқпыз дейді. Бау-бақшада жұмыс істеу, далада еркін жүру қазір арман болып тұр.

 

- Маса мен шіркейлердің биылғы көптігі сұмдық. Олардың шабуылынан көз аша алмай қалдық қой, - деді павлодарлықтардың бірі.

 

 

- Нәтижесі ақырындап байқалып келеді. Дегенмен әлі де біраз жұмыс жасау керек, - деді тұрғындардың бірі.

 

 

Бүгінде өңіріміздегі өңделген алқап ауданы 26 мың гектардан асады. Жауапты басқарма басшысының айтуынша маса мен шіркей дернәсілдерінің тез жетіліп, көбейіп кетуіне табиғатты қорғауға арналған су босату шараларының кеш басталуы да әсер етті деді.

 

- Ғылыми топ сәуір айынан бастап күн сайын арналар мен жайылманы бақылап, нәтижесін айтып отырды. Мамырдың 1-нен дернәсілдерді уладық. Мамырдың 13-і жайылманы толығымен су басты. Бұл ретте химиялық препаратпен улауға болмайы. Тек әуеден дернәсілдерге қарсы биологиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді, - деді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев. 

 

Жалпы ауданы 27 мың гектарды әуеден өңдеген. Ғылыми топ мүшелері маса дернәсілдері айтарлықтай азайған дейді. Препаратпен тиімділігі сексен пайыздан асқан.