• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында қансорғыштармен күрес жүргізетін мердігер әлі анықталмаған

Павлодар облысында қансорғыштармен күрес жүргізетін мердігер әлі анықталмаған

Шенеуніктер қансорғыштарды улау мерзімін уақытында бастаймыз деген үмітте. Сәуірдің 20-сы екінші конкурс өткізілмек. Сол кезде қансорғыштармен кімдер күрес жүргізетіні белгілі болмақ.

 

- Ағымдағы жылы дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу өткен жылғыдан үлгі ретінде препараттарды алу және дезинсекциялық жұмыстарды жүргізу бірге қосылған болатын. Қазір ең бірінші конкурстық қорытындылар өткізілмеді деп шешілді. Екінші рет конкурстық үрдістер бізде хабарланды. Сол конкурстық үрдістерді 20 сәуірге дейін аяқтаймыз деп жоспарлап отырмыз. Одан кейін жұмыстар басталады, - деді Павлодар облысы жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының бөлім басшысы Мақпал Лепесова.

 

 

Қазіргі таңда ғылыми топ жайылымдарға шығып, жағдаймен танысып қайтқан. Бұл ретте дернәсілдердің даму жағдайы өте маңызды. Шенеуніктер биыл ауа райы өткен жылғымен салыстырғанда улау жұмыстарын кеш бастауға мүмкіндік береді дейді.

 

- 10 сәуірде шығу жұмыстары жасалды ғылыми топтармен бірге. Келесі шығу жұмыстары 17 сәуірге белгіленіп отыр. Бұнда жаңағы дернәсілдердің қандай дәрежеде дамығандағын қамтылғандығын бойынша ғылыми сараптама алатын болады. Сол сараптама нәтижесі бойынша бізге ұсынымдар береді, - деді Мақпал Лепесова.

 

Естеріңізге сала кетейін, биыл тендерді бірден үш жылға ойнатуды шешкен. Жеңген мердігер алдағы үш жыл бойы қонсорғыштарды улау жұмыстарымен айналысады. Бұл мақсатқа шамамен бір жарым миллиард теңгеден астам ақша бөлінген.