• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында қазір тұмау мен басқа да жұқпалы аурулардың шарықтау кезеңі

Павлодар облысында қазір тұмау мен басқа да жұқпалы аурулардың шарықтау кезеңі

Павлодар облысы әлі қызыл аймақта. Тәулік сайын коронавирус жұқтырған екі жүзге жуық адам тіркелуде. Сонымен қатар күзгі уақытта күшейетін суық тию ауруларын да жұқтыру қауіптілігі жоғары. Мамандар сақтануға кеңес береді.

- Өкінішке орай кейбір ата-аналар балаларында сәл қызу немесе жай ғана суық тию белгілері болса, үйде қалдырмай мектепке жібереді. Бұл вирустың таралуына әкеледі, - дейді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім басшысы Гүлмира Құлмағамбетова.

Алдын алу шаралары да қарапайым, бетперде киіп, қолды жиі жуу, бөлмені жиі желдету. Қазіргі уақытта аймағымызда карантин де қатаңдатылғаны белгілі. Қазанның 29-нан бастап сауда үйлері, дәмхана мен мейрамханаларға тек жасыл статусы бар адам ғана кіре алады.

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы