• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында қосымша короновирустық стационарлар ашылуда

Павлодар облысында қосымша короновирустық стационарлар ашылуда

Қазіргі таңда облыс бойынша 141 науқас стационарда ем қабылдауда, тағы 235-і амбулаторлық емделуде. Жан сақтау бөліміндегі адамдар саны 76-ға жеткен. 16-сы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Өңірімізде барлығы 209 реанимациялық орын бар, ал инфекциялық төсек 2000-нан астам жанға есептелген.

 

- Инфекциялық жұқпалы аурулар төсек орыны 53,2 пайызды құрайды, ал реанимациялық төсек-орындар 43,1 пайызды құрайды. Психикалық орталықта қосымша төсек-орын ашылады. Яғни ол эпидемиологиялық жағдайға байланысты, - дейді Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиева.   

 

 

Бұған дейін қосымша орындар туберкулезге қарсы балалар санаторийінде және кардиологиялық орталықта ашылған болатын. Бұдан бөлек денсаулық сақтау басқармасында аймағымызда вакцина алғандар 18,87 пайызды құрағанын жеткізді.

 

- Қазіргі таңда Павлодар облысының емханаларында тек «Спутник V” бар. Қосымша қандай да бір вакцина келуі мүмкін, - дейді Эльмира Темірғалиева.

 

Денсаулық сақтау мамандары аймағымызға Спутник Лайт та келетінін жеткізді. Бірақ нақты мерзімі белгісіз. Сонымен қатар екпені демалыс күндері де алуға болатынын еске салады. Емханалар ниет білдіргендерді сағат 9-дан -15.00-ге дейін қабылдайды.

 

Авторы: Арнагүл Исабекова