• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы барысында 528 учаскесі жұмыс жасайды

Павлодар облысында ҚР Президентін кезектен тыс сайлауы барысында 528 учаскесі жұмыс жасайды

 

 

Қаршаның 20-сы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты науқан қарқынды жүргізілуде. Қазіргі уақытта әкімдіктермен бірлесіп дауыс берушілердің тізімі реттелуде. 30 қазаннан кейін есептен шығару куәліктерін алған тұрғындар басқа қалада, өңірде дауыс бере алады.

 

-Павлодар облысы 542 сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. Оның ішінде 528 учаскелік комиссия, 14-і аумақтық, 1-уі облыстық, 13-ші қалалық және аудандық. 30 қазан күні учаскелер жергілікті атқарушы биліктен сайлаушылардың тізімін алып, негізгі жұмысына кіріседі. 4-ші қарашадан бастап тұрғындар сайлау учаскелеріне барып, тізімде бар-жоғын анықтай алады,-дейді Павлодар облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлнәр Аманжолова.

 

Сайлаушылар тізіміне тіркелген жеріңіз бойынша енгізілгеніңізді тиісті әкімдіктің сайты немесе Call-орталығы арқылы тексеруге болады. Сонымен қатар, Prezident sailau Pavlodar 2022 телеграм каналы да іске қосылған. Еске сала кетейік, орталық сайлау комиссиясы Қазақстан Республикасының Президенттігіне 6 кандидатты тіркеді. 21 қазаннан бастап үміткерлер үгіт-насихат жұмысын бастап кеткен. Маңызды саяси шара қарашаның 20-на жоспарланған.