• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысында әр сәрсенбі күні аң аулауға тиым салынады

Павлодар облысында әр сәрсенбі күні аң аулауға тиым салынады

Резервтік қорға жататын бекітілмеген тоғыз мекемеде аң аулауға тыйым салынған. Бұл ретте, мамандар әр жануарға деген бектілген мерзімдерді жария етті.

- Бөдене, көгершін осы құстарға тамыздың 20-нан, қарашаның 30-на дейін шіл  қыркүйектің 4-нен қарашаның 30-на дейін, борсық, қабан қыркүйектің 4-нен желтоқсанның 31-не дейін, қоян, қарсақ, түлкі қарашаның 1-нен ақпанның 15-не дейін, Сібір елігі қыркүйектің 20-нан желтоқсанның 31-не дейін, - деп атап өтті Павлодар облысы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясы РММ-нің басшысы Руслан Тулепбаев.

Ммандар жануарлар дүниесін пайдалану талаптарын және аң аулау ережелерін бұзу анықталған жағдайда азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылатындығы еске салды. Мұндай жағдайда ескерту немесе жеке тұлғаларға 5 АЕК, кәсіпкерлік субъектілеріне 25-тен 100 АЕК-ке дейін айыппұл салынады.