Павлодар облысында өсірілген 600 мың тонна картоп қайда кетті?
Облыс әкімі бұл сұрақты жергілікті картоп өсірушілерімен өткен жиын барысында қойды. Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша ішкі нарық екінші нанмен тиісті көлемде толықпайды. Соған қарамастан аймақта аталған көкөніс түрінің бағасын жаңа өнім шыққанға дейін ұстап тұрмақ.
- Дүкендерде 125 теңгенің картобы, сондай-ақ 200 теңгеден саудаланатын картоп бар. Әлеуметтік баға бойынша тауар аз болып, қымбат картоп одан көп болмауы тиіс. Не себепті біз өзіміз картоп өсіріп отырып, облысымызды қажетті көлемде қамтамасыз ете алмаймыз? Өңірімізде жиналатын 600 мың тонна өнімнің, не бәрі 90 мың тоннасы облысымыздың ішкі нарығына қажет. Не себепті бұл көлем тұтынушыларға дейін жетпейді? - деді Павлодар облысның әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Жергілікті өндірушілермен картопты әлеуметтік бағамен босату мақсатында жасалған меморандум да тиісті деңгейде жұмыс жасамайтын көрінеді. Шарт бойынша жіберілетін 30 мың тоннасының бүгінде тек 10 пайызы игерілген. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бұдан былай әлеуметтік бағамен ақтүйнекті 76 сауда орынынан сатып аулға болады.
- Бүгінде картоп бағасының көтерілуіне еш негіз жоқ. Жергілікті қоймаларда картоп жеткілікті. Сондықтан, бағаның негізсіз көтерілуін болдырмау қажет екенін ескертіп отырмын. Біздің өндірушілерге ішкі нарыққа қажетті тауарлық картопты наурыз-сәуір айларына дейін сақтап қалу қажет, - дейді Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов.
Сондай-ақ, Әбілқайыр Сқақовтың айтуынша, арзандатылған өнім алатын кәсіпкер тауарды басқа жаққа өткізбеуін қадағалауды тапсырды. Ондай дерек анықтылса жазаланады деді. Осы ретте, облыс әкімі бұл мәселеде тұрғындарды да белсенді болуға шақырып отыр. Әлеуметтік картоптың қымбат бағамен сатылып жатқанын байқап қалса, бірден хабарлауды сұрайды.
Авторы: Аида Адрахова