Павлодар облысындағы ең арзан көмірдің бағасы қандай?

Сергей Николаевич бүгін 3 тонна көмір сатып алып, 31 мың теңге жұмсады. Ер адамның айтуынша, бағасы күн сайын өсіп келеді. Мәселен, тамыз айында қара алтынды 9 мыңнан сатып алуға болушы еді. Қазір бағасы өсті. Келесі аптада кезекті қымбаттау күтілуде.   

 

- Кем дегенде қыста 6 тонна аламыз. Барлығы қыстағы ауа температурасына байланысты. Минус 40 болған жағдайда тәулігіне екі рет 3-4 шелек саламыз. Сонда күніне шамамен 10 шелек жағамыз, - дейді зейнеткер.

 

Осы аптада көмір босату орындарында кішігірім кептеліс орын алды. Энергетика және ТҮКШ басқамасында оның себебін сатушылар жеткізу өтінімдерін уақытында бермеуімен байланыстырды. Қазір жағдай тұрақталды. Қатты отынды ШҚО, Қарағанды және жергілікті кәсіпорындардан әкеледі.  

 

- Бағасы туралы айтатын болсақ, қазір облысымызда тоннасы үшін 8 мыңнан 16 мың теңгеге дейін сатып алуға болады. Тас көмірі 8-10 мың, қоңыр көмір 9200-ден 16 мың теңгеден бостылады. Көмір тұйықтарында арзаннан сатады. Бұл ретте, Екібастұз кен орны қалада орналасқан, - деді Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Диас Дилдібаев.

 

Адамдардың айтуынша, базадан тыс жерлерде алыпсатарлар 3 мың теңгеге дейін қымбат өткізеді. Сондай-ақ, қазір ағаш отындары қажет. Оның құны жүк көлігі үшін 30 мың теңгеге жетеді. Павлодардағы жеке сектордағы жылыту маусымына орташа 100 мың теңге жұмсалады. Аудандарда көрсеткіш жоғары. Павлодар облысы қыркүйек-наурыз айлары аралығында 428 мың тонна көмір қажет етеді.