Павлодар облысындағы кеден беккеттері жаңартылмақ
«Үрлітөбе» өткізу бекетін қайта жаңарту және жаңғырту жобасы 2026-2027 жылдарға есептелген. Мұнда тек ғимараттар мен нысандарды жаңартып қана қоймай, толыққанды шекаралық әрі кедендік бақылау үшін заманауи инфрақұрылым құрылмақ. Сондай-ақ кешенді жаңа үлгідегі заманауи құрал-жабдықтармен толық жарақтандыру жоспарланған.
- Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Жалпы құрылыс» тұжырымдамасы қабылданды. Сол тұжырымдамаға сәйкес қазір 2 триоллион 300 миллиардқа дейін қаражат тек ғана осы бекеттердің толықтай аяқталуы үшін беріліп жатыр. 2027 жылы толықтай бюджеттен қаражат қарастырылған, - деп атап облыс әкімі Асайын Байханов.
Жаңғыртудан кейін «Үрлітөбе» бекетінің өткізу мүмкіндігі тәулігіне 500-ден 1000 көлікке дейін артады. Ал шекара асатын азаматтардың қатары күніне 1000-нан 3000 адамға дейін ұлғаймақ. Қазір мұнда 34 маман еңбек етіп, 9 арнайы техника жұмылдырылған. Бүгінде аумақты жоспарлау және кіреберіс жолдарын салу жұмыстары толықтай аяқталды.

