• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысындағы тазалық айлығының мерзімі белгіленді

Павлодар облысындағы тазалық айлығының мерзімі белгіленді



Бұл туралы облыс әкімдігіндегі аппараттық жиын барысында белгілі болды деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі.

Павлодар облысы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ұсынған жұмыс жоспарын аймақ басшысы құптап, тұрғындардың тазалық науқанында белсенді болуын тілге тиек етті.

-Ертіс-Баян өңірінде тазалық пен тәртіпті сақтау мақсатында 2024 жылғы 10 сәуір мен 10 мамыр аралығында қала мен аудандарда санитарлық тазалық айлығы жарияланады. Бизнес субъектілерін, пәтер иелері кооперативтері (ПИК) өкілдерін, жер үйлердің иелерін тазалық жұмыстарына белсенді ат салысуға шақырамыз,-деп атап өтті Павлодар облысы әкімі Асайын Байханов.

 

Фото: Freepik.com