• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодар облысындағы жекеменшік білім беру ұйымдары мемлекеттік тапсырыстарды орындай алады

Павлодар облысындағы жекеменшік білім беру ұйымдары мемлекеттік тапсырыстарды орындай алады

Диалог алаңында еңбек нарығындағы қажеттіліктерді ескере отырып, техникалық бағыттағы кадрларды даярлау, мектепке дейінгі тәрбие, негізгі орта және қосымша білім берудің мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережелері талқыланды.

 

- Бүгін біз осы жылы мемлекеттік тапсырысты бірінші рет орналастыратын боламыз. Ұйымға қандай талаптар қойылатыны, бағыттар бойынша,  әрбір оқушыға арналған құнның есебі қалай орындалады және ұйымдарға мемлекеттік тапсырысты орналастыру үшін не істеу қажет екенін жұртшылыққа айтқымыз келеді, - дейді Павлодар облысы білім басқармасының тәрбие жұмысы және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Гүлтаң Көшеғұлова.

 

Мамандардың айтуынша, мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде тек мемлекет қарамағындағы үйірмелер мен секцияларға емес, жеке меншік мекемелерде де тегін қатыса алады. Биыл барлығы 1110 орын бөлінбек.